Жарықшақтық су - әр түрлі қатты (жартасты) таужыныстардың (құм-тастар, кварциттер, оқтастар, туфтар және т.б.) моруынан пайда болатын жарықшақтарында қалыптасатын жер асты суы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Жер асты суы таулы-қатпарлы Тянь-Шань,Жетісу Алатауы,Сарыарқаның ұсақ шоқылары және Орал-Мұғалжар тауларында тараған.Олар 30-50 м,кейде сирек 100-300 м,кейбір ауқымы тар зоналарды онан да тереңдікте орналасады.Бұл сулар кристалды тау жыныстарынан (гранит,құмтас, т.б.) жарықтары мен жарықшақтарында кездеседі.Тектоникалық жарықтарда минералды бұлақтар орналасқан.Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы,өңделген. - Алматы: Атамұра,2008.ISBN 9965-34-809-X

Дереккөздер

Санат:Су