Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті — мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, геральдика, кітап және кітапхана ісі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы.

Тарихы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі қаулысымен құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оны ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағатты басқару және құжаттама жөніндегі комитет болып қайта ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамалық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9 ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап). сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап). комитет ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9 2006 жылы ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, 2010 жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне, 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді. 2014 жылы комитет таратылып, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігіне қосылды. 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті қайта құрылды. 2023 жылы наурызда Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті болып өзгертіліп, қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына берілді.

Міндеттері Мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, геральдика, кітап және кітапхана ісі салаларында басшылықты жүзеге асыру"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 5 басқармаcы бар (2023 жылға): Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасы Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасы Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасы Геральдикалық жұмыс басқармасы Кітап ісі басқармасы Ономастика басқармасыКомитет құрылымы

Қарамағындағы мекемелер «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» РММ «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Орталық мемлекеттік архив» РММ «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ

Дереккөздер

А