Синхрондық жеткізу (Синхронная передача; synchronous transmission) — әрбір хабарды (мәліметтер блогын) жеткізудің алдында жіберетін және кабылдайтын құрылғыларды синхрондау қажет болатын мәліметгерді жеткізу тәсілі; мәліметтерді жеткізудің әрбір биті түрақты уақыт аралығында жеткізілетін тәсіл. Мұнда бастапқы (стартовый) және соңғы (стоповый) бит деген болмайды. Сигналдарды жалпы жұмыс режімімен сәйкестендіру (синхрондау) басқару мәліметтерін жіберу арқылы орындалады. Ақпаратты биттік немесе дестелік формада жіберген кезде қолданылатын мәліметтер жеткізу режімі болып табылады. Мәліметтер беруші мен оны алушы синхронды жұмыс істеуі үшін тек бірдей сигналдар пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника