Бөгеннің су ысырабы (Потери воды из водохранилища) — пайдалану көлеміне жатпайтын, бөген айдынынан булану мен сүзілуге шығындалатын су ысырабы.
Бөгеннің су ысырабы су шаруашылық есептеулерде ескерілуі тиіс және бөген құрылғысына (ауданына, көлеміне) байланысты болады. Кейбір жағдайларда судың мұзға айналудағы ысырабы да ескеріледі. Төменгі бъефке сүзілген су тек жоғарғы бъефтен су пайдаланушыларға ғана шығын әкеледі, ал бұған керісінше, төменгі бъефтен су пайдаланушылар ешбір су ысырабына ұшырамайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы