Монитордың ажырату қабілеттілігі (Разрешающая способность монитора; allowing ability of monitor). Бейнемониторлар, әдетте, мәтіндік және графиктік режімде жұмыс істей алады. Мәтіндік режімде монитор экранында таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCII-нің кеңейтілген жинағының символдары тұрады (жалған графиканың символдарын пайдалану арқылы құрастырылған қарапайым суреттер, гистограммалар, жиектер болуы мүмкін)Circuit breaker energy monitor . Графиктік режімде экранда жеке мозаикалық элементтерден — пиксельдерден (pixel — picture element) қалыптастырылған айтарлықтай күрделі кескіндер және қаріптері мен мөлшері әр түрлі әріптердің жазбалары шығарылады. Монитордың ажырату қабілеттілігі бәрінен бұрын графиктік режім үшін аса қажет және ол пиксельдің мөлшерімен байланысты. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника