Иінаяқтылар , Брахиоподтар (, — қол, иық, — аяқ) – қармауыштылар типінің теңіз жәндіктері класы; су алаптары түбіне жабысып тіршілік ететін қосжармалы-симметриялы жәндіктер.

Денелері арқа және бауыр жармалары деп аталатын екі бақалшақ арасына орналасқан. Қазіргі заманғы 280 түрі, құрып кеткен 10 мыңға жуық түрі бар. Брахиоптар кембрий кезеңінен бүгінге шейін тіршілік етеді, олар әсіресе палеозой эрасында көптеп таралған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Иінаяқтылар Санат:Қармауыштар Санат:Мезозой фаунасы Санат:Палезой фаунасы Санат:Кайнозой фаунасы