Аңғарлардың жіктемесі - аңғарлардың морфологиялық, генетикалық, даму сатысы бойынша және т.б бірқатар жіктемесі бар. І Тек қана эрозиялық проңестер жасаған аңғарлар: басталған (делли, жырындылар); жыралар; сайлар; шаттар; каньондар; V-тәрізді (шатқалдар); жайылмалық; көне мүзбасулар алқабындағы көл жыралары; террасаланған; көмілген аллювийлік; террасаланған және көмілге аллювийлік. ІІ Тектоникалық қүрылымдарға бейімделген эрозиялық аңғарлар: грабен-аңғарлар; жамылғы синклині-аңғарлары; негіз синклині-аңғарлары; ойыстар-аңғарлар; лықсыма аңғарлары; инверсиялық; антиклиндік; горсттық; моноклиндік. ІІІ Басқа экзогендік процестер өзгерткен эрозиялық аңғарлар: А.аңғар Мүздықтар өзгерткен: трогтар; күрделі немесе салынды трогтар. Б.Жел өзгерткен: вади; дөңесакарлар. В. Теңіз өзгерткен: фиордтық; көлкіме типті; риас типті. Г. Тоң өзгерткен: солифлюкңиялық беткейлі. Д. Карст өзгерткен: қүрғақ; соқыр; қап торізді; тікжерастылық; көлбеу жерастылық. Ж. Жанартау орекетінен өзгерген: барранкостар; жартылай лавамен толған. ІV Жұрнақ аңғарлар: құрғақ аңғарлар сайлар жел өзгерткен(узбойлар-ызбайлар) гравитациялық процестер өзгерткен (Орталық Қазақстан аңғарлары) жанартау материалымен көмілген және жартылай көмілген су асты аңғарлары Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология