Қошанкөл — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қошанкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Сарыөзеннің оң жағалық аңғарындағы бетеге, боз, көкпек өскен сортаңды, бозғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1619 адам (836 ер адам және 783 әйел адам) болса, 2009 жылы 1473 адамды (777 ер адам және 696 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1017 адамды (545 ер адам және 472 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1963-1997 жылдары «Қошанкөл» қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қошанкөлде және округтегі Бөгет, Ордабай ауылдарында «Мерей» ЖШС және 4 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы елді мекендері