Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse — лицензия, айрықша құқықтық); франшиза (фр. franchise — жеңілдік) – коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді. Бұл лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан тауарлық белгілер және/немесе франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы әрекет етуге құқық береді.

Франчайзинг ұғымы Жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Тауар немесе бренд белгісін пайдалану шарттары жеке тармақпен шартталану мүмкін. Бұл талаптар өте қарапайым (мысалы, франчайзи брендті нақты сала бойынша пайдалануға құқығы бар), сондай-ақ қатал (франчайзи дүкендегі жабдықтарды, мысалы сөрелердің көлемі мен түсі, қызметкерлердің киімдері франчайзердің нақты талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттеледі) болуы мүмкін.

Филип Котлер франчайзингтің мынадай белгілерін көрсетті(1):

• франчайзер өзінің тауар таңбасын пайдалану үшін бөлінген сома алады; • франчайзи жүйесінің бөлігі болу үшін бастапқы жарна төлейді; • франчайзер франчайзиге бизнестің жүргізу жүйесін ұсынады;

Франчайзингтің пайда болу тарихы Зингер тігін машиналарының сату және қызмет көрсету жүйесі қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің прототипі болып саналады. Әлемге әйгілі "Singer Sewing machine company" компаниясының негізін қалаушысы Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы болды. 1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды бастады. Шартта Америка Құрама Штаттарының белгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген.

Ұйымдастыру кезінде әлемдегі ең бірінші толыққанды франчайзингтік жүйе Зингер фирмасы бәсекеге ең қабілетті бағалар қолдайтын тігін машиналарының жаппай өндірісін қамтамасыз етті. Дегенмен бұл ретке келтірілген қызмет бүкіл АҚШ аумағында қызмет көрсету және машиналар жөндеу жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндігін бере алмады. Осыған байланысты франчайзингтік жүйесі құрылған. Оның ішінде қаржы-тәуелсіз фирмаларға ұсынылатын айрықша құқықтар белгілі аумақта тігін машиналарын сатуға және қызмет көрсетуге мүмкіндік берілген. Өз мәні бойынша алғашқы франшиза қолданыстағы дистрибьютерлік келісімдерге қосымша дилерлер (франчайзи) машиналарға қызмет көрсетуге міндетті болды.

1920 жылдан бастап АҚШ-та стандартты тауарлық франчайзинг дами бастады. Франчайзинг қағидаты бойынша ірі көтерме сауда жеткізушілер бөлшек сауда дүкендер иелерімен өздерінің қарым-қатынастарын дамыта бастады. Көтерме сатушы (франчайзер) кіші бөлшек сауда ұйымдарына көптеген қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік берген, сонымен қатар сауда-саттық фирмалардың маркасын пайдалануға және бұл ретте өз тәуелсіздігін сақтауға ырзалығын білдірген.

1930 жылы орын алған АҚШ экономикасындағы дағдарыстан кейін мұнай өндіретін компаниялар франчайзингті меңгере бастады. Осылай тәуелсіз франчайзиге тиесілі алғашқы бензин колонкалар желісі пайда болды. Әдеттегідей, май құю станциялары ұсақ жергілікті кәсіпкерлерге жалға берілді.

Классикалық тауарлық франчайзинг тек 1950-інші жылдары түрін өзгерте бастады. 1945 жылы Рэй Крок, болашақ Мак Дональдс компаниясының негізін қалаушысы, АҚШ батысында San Bernardino атты облысында орналасқан бір шағын мейрамхананың танымал болуының себептеріне қызығушылық танытты. Нәтижесінде ол табысты мейрамхананың иелеріне жолығып, көп ұзамай ұқсас мейрамханаларды сатып алу немесе сату құқығына лицензия алды. 1955 жылы Рэй Крок Мак Дональдс Систем Инк компанияның негізін салды. Ол франчайзингтің қазіргі түріндегі бизнес форматының (Business Format Franchisings) негізін салушы болып табылады, яғни франчайзиге франшизамен бірге тұтас бизнес жүргізу жүйесі беріледі.

Франчайзингтің артықшылықтары Франчайзер үшін артықшылықтар

Франчайзи шартта белгіленген тауарлар партиясын, шығыс материалдарын немесе өзге өнімдер және қызметтер сатып алуға міндетті. Сондықтан франчайзингтің басым ерекшелігі ол франчайзер үшін шағын болса да, бірақ өз өнімдерінің кепілді тұрақты сату көлемі болып табылады. Егер табыс тұрақты болса, онда оны болашаққа жоспарлап жаңа бағыттар дамытуға болады.

Сонымен қатар, қарапайым бизнес қатысушылардың бірқатар ауыртпалық шығындық қиындықтары (персоналды оқыту және іріктеу, сапасын бақылау және т. б) франчайзерге ауыртпалық түсірмейді. Сонымен қатар, франчайзингтік желіні дамыту арнайы қаржы салымдарын қажет етпейді және онымен қоса бренд үшін тамаша жарнама болып табылады. Франчайзи үшін артықшылықтар Франчайзи үшін артықшылықтар

Тексерілген бизнес-жүйесін пайдалану Өз франшизасын нарықта ұсынудан бұрын, франчайзер өз бизнес-жүйесін жетілдіріп және барлық бизнес-процестерінің тиімділігін дәлелдеу тиіс. Сонымен қатар франчайзингтік желіні тиімді дамыту үшін франчайзердің флагмандық кәсіпорыны болуы тиіс, соның негізінде бизнес клондау жүргізіледі. Сондықтан франшизаны сатып алу кезінде кәсіпкер тексерілген және қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнес- модельдің иегері болады.

Өз ісін ашу мүмкіндігі Франчайзердің белгілі бір дәрежеде франчайзиді бақылауға құқығы бар. Ол негізінен серіктестер қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған: серіктес кәсіпорындардың ықтимал проблемалардың пайда болу сатысында анықтап шешімін іздеу. Осыған қарамастан франчайзи экономикалық және заңдық дербестігін сақтайды.

Салатаңдау мүмкіндігі Әлеуетті франчайзи өз қаражатын инвестициялау кезеңінің алдында франчайзердің бизнесімен танысуға мүмкіндігі бар. Бұл негізінде ашық ақпарат түрінде жасалынады — франчайзердің коммерциялық ұсыныстар және жұмыс істеп тұрған өзінің, сондай-ақ серіктестік кәсіпорындармен танысқаннан кейін болашақ кәсіпкер (франчайзи) шешім қабылдайды. Тәуекелдерді азайту мүмкіндігі Әріптестік кәсіпорын аша отыру кезінде франчайзи жақсы сыналған франчайзингтік бағдарламаның "отбасының" бір бөлігіне айналады. Яғни, жаңадан ашылған тәуелсіз кәсіпорыннан басты айырмашылығы франчайзер серіктестерін көптеген проблемалар шешіп және тәуекел жағдайында оларға үнемі қолдау көрсетеді. Нарыққа сәтті шығу қамтамасыз етіледі Бизнес-франшизаның негізгі талаптарының бірі – бұл франчайзерлік компанияның ұсынатын тауарлар мен қызметтердің қажеттілігі болып табылады. Сондықтан кәсіпкерлер танымал брендтің табысты бизнес-идеясын және қызметін сатып алады. Франчайзи өз кәсіпорнының ашу барысында брендке адал тұтынушылар шеңбері бар болғанын біледі. Жарнама және маркетингпен байланысты төмен шығындар Франчайзи өз қызметін танымал желінің бөлігі ретінде жүргізе бастайды. Осыған байланысты оның бастапқы жарнама шығындары жергілікті нарықта ашылған кәсіпорнының жарнамамен қамтамасыз етумен қанағаттандырылады. Франчайзер білім базасына қол жеткізуі Франчайзер өз бизнес-жүйесін әріптестеріне ұсына отырып, ретке келтірілген механизм және тиімді пайдалану "нұсқаулықты" тапсырады. Франчайзер өз әріптестеріне бизнесті қалай тиімді құру жолдары арқылы оның арнайы ерекшелігін ескере отырып кәсіпті үйретеді. Кепілдендірілген жеткізу жүйесі Компаниялар үшін франчайзинг – қызметтің басым бағыты болып табылады. Сондықтан серіктестер (франчайзи) үшін ең жақсы шарттар жасалынады. Франчайзер бұл бағытын ең жоғары ресурстарымен қамтамасыз етуге тырысады, соның ішінде жеткізу мәселелерін де шешеді. Франчайзингтің кемшіліктері Франчайзи өз бизнесіне қомақты пайда әкелмесе де, франчайзердің белгілеген ережелері мен шектеулерін орындауы тиіс. Франчайзи франчайзер тағайындаған жеткізушілерден шикізат және өнімдерді сатып алуға жиі міндеттеледі, бұл франчайзиді еркін нарыққа шығу жолдарын шектейді және шикізат пен өнімді жоғары бағамен сатып алуға мәжбүрлейді. Франчайзи бизнестен шығу үшін қатаң шектеулер белгілеуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мерзім ішінде немесе белгіленген аумақта бәсекелес кәсіпорын ашуға тыйым салынады. Франчайзи орталықтандырылған маркетинг және жарнама мәселелеріне сирек әсер етуі мүмкін. Бірақ орталықтандырылған маркетингтік және жарнамалық кампаниялар үшін төлеуге мәжбүр болуы мүмкін. Осылайша, олардың қаражаттарды пайдалану мүддесіне сай болмауы мүмкін. Франчайзинг түрлері

Әлеуметтік франчайзинг — бұл табыс табуды емес, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейтін бизнес-модель. Бұл әдіс сәтті жүзеге асырылған әлеуметтік жобаларды басқа аймақтарда дайын үлгі бойынша көбейтуге (масштабтауға) мүмкіндік береді.

Оқиғалық франчайзинг - белгілі бір іс-шараларды (фестивальдер, форумдар) өткізу форматын сатып алу.

Жұмсақ франчайзинг (Soft Franchising) - франчайзер паушальдық жарна немесе үлкен роялти талап етпейді. Оның орнына франчайзи тек негізгі өнімді немесе шикізатты сол франчайзерден сатып алуға міндеттеледі. Мысал: Шағын кофеханалар немесе сұлулық салондары белгілі бір брендтің косметикасын қолданып, соның атын тақтаға (вывеска) іліп қояды, бірақ ішкі басқаруды өздері шешеді.

Конверсиялық франчайзинг (Conversion Franchising). Бұл «бейресми» басталып, кейін ресми түрге ауысатын немесе нарықтағы бар бизнесті біріктіру үшін қолданылатын әдіс.

Корпоративтік (ішкі) франчайзинг Бұл компания ішіндегі қызметкерлерді кәсіпкерлікке ынталандыру үшін қолданылады.Ірі компания өз қызметкеріне бөлімшені немесе филиалды басқаруға мүмкіндік беріп, оны франчайзи ретінде қарастырады. Бұл жерде келісімшарттар «отбасылық» немесе корпоративтік сенімге негізделуі мүмкін.

Ортақ бренд (Co-branding). Екі тәуелсіз компания бір кеңістікте жұмыс істейді.Ерекшелігі: Мысалы, май құю станциясының ішіндегі шағын дәмхана. Олар бір-біріне франчайзи емес, бірақ бірінің атын бірі пайдаланып, тұтынушы ағынын бөліседі. Бұл өзара тиімді, бейресми серіктестіктің бір түрі.

Көлеңкелі франчайзинг (Wild Franchising).Бұл көбінесе дамымаған нарықтарда кездеседі.

Қазақстандағы Франчайзинг 2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2,5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді.

Қазақстан Франчайзинг тарихы

Қазақстандық франчайзинг "Coca-Cola" зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды.