thumb Трипаносомоз – Tryponosoma туысына жататын талшықты қарапайымдар арқылы жабайы және үй жануарларына таралатын трансмиссивтік аурулар.
Онымен тақтұяқты жануарлар, негізінен түйелер, жылқылар, есектер, сиырлар мен иттер ауырады. Негізгі қозғыштары: Трипаносомоз vіvax, Трипаносомоз congolense, Трипаносомоз bruceі, Трипаносомоз sіmіde, Трипаносомоз equіperdum. Көптеген трипаносомоздың қоздырғыштары қансорғыш жәндіктер арқылы беріледі. Етпен қоректенетін және қорек талғамайтын жануарлар ауру жануарлардың етін жегенде жұқтырады. Жыныстық қатынас жолымен де беріледі. Клиникалық белгілері дірілдеп-қалшылдау, селқостықпен, көзден жас ағу, қан тамырларының кеңеюі, қанның азаюымен, аяқтардың жансыздануымен сипатталады.
Емі: наганин, антрицид, саморин, беренил, т.б. антигельминттер беру.
Алдын алу шаралары: ауру малды жою.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Тағы қараңыз Америкалық трипаносомоз Африкалық трипаносомоз Дереккөздер
Санат:Ұмытылған аурулар Санат:Тропиктік аурулар