Ақпараттық молықтыру (Информационное насыщение; information saturation) — адам жаңа ақпаратты қабылдауға және қорытуға қабілетсіз болатын қалып-күй. Шамадан тыс тырысу нәтижесінен басқа, үлкен көлемді мәліметтерді қабылдау қажет болғанда және шектеулі уақытта жауапты шешім қабылдау қажет болғанда пайда болады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника