Жаужапырақ, мелисса () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; майлы дақыл. Биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Еуразияда 5 түрі, ал Қырымда, Кавказда, Орта Азияда 2 түрі өседі. Сабағы тік, төрт қырлы,аздап түк басқан. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, шеті тіс тәрізді, жоғары жағы үшкірленген, беткі жағы — қоңыр жасыл, асты — сүр жасыл, айналасында дақыл нүктелері бар. Гүлдері жапырақ түбінде орналасқан, қызғылт немесе ақ түсті болады. Шілде— тамыз айларында гүлдейді. Орта Азияда бал арасын ұстайтын жерде егіледі. Бал шырынды, дәрілік өсімдік және дәмдік-татымдық дақыл ретінде өсіріледі. Онда эфир майы, С витамині, тұтқырлық заттар бар. Жаужапырақ тұнбасы ас қорытуды жақсартады, жүйке жүйесіне жайлы өсер етеді.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Түрлері Melissa axillaris (Benth.) Bakh.f. – Melissa flava Benth. ex Wall. – Melissa officinalis L. – Дәрілік жаужапырақ Melissa yunnanensis C.Y.Wu & Y.C.Huang –
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер