Гейхера (Heuchera) — тасжарғандар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Гейхераның 30 шақты түрі бар, олар көбінесе Солтүстік Америкада өседі. Бұрынғы КСРО-да мұның кейбір түрлері (мысалы Н. sanguinea) бақтарда әсемдік үшін өсіріледі. Мұның гүлдері ұзындау келеді, жапырақтары жатаған болады.
Санат:Тасжарғандар