Әлкен Оскарұлы Темірболатов (1948 жылы туған) – экономика ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993).
Мәскеу кооперативтік институтын (1971) бітірген. Шымкент кооперативтік техникумында оқытушы (1973–1975), Қарағанды кооперативтік институтында оқытушы (1975–1976), Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, декан (1992–1995), «Игілік-банк» АҚ Қарағанды бөлімшесінің директоры (1995–1996), Алматы гуманитарлық университетінде профессор (1997–1998), осы университеттің Қарағанды бөлімшесінің проректоры (1999–2002), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан қызметін атқарды.
100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы" , 7 том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ППС КАФЕДРЫ «ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ»
Санат:1948 жылы туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Экономика ғылымдарының докторлары