Жоламан Айдарбаев (1944 жыл, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы) — журналист. Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1970).

Өмірбаяны ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1967). 1967 – 69 жылдары Атырау облысы Мақат ауданы «Мұнайшы» газетінде жауапты хатшы 1969 – 75 жылдары «Жаңарған Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі «Коммунистік жол» газетінде аға әдеби қызметкер 1975 – 78 жылдары қалалық партия комитетінде нұсқаушы 1978 – 90 жылдары кәсіподақ төрағасы Мұнайлы ауданы атқару комитетінде нұсқаушы Геофизика мекемесінде кадр бөлімінің бастығы 1990 жылдан «Жаңаөзен» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

Шығармалары «Тоғысқан тағдырлар түбегі» (1985) «Жол айрығы» (1990), «Тұтқындар» (2003) кітаптарының авторы.

Марапаттары «В.И. Лениннің 100 жылдығы» медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том

Дереккөздер

Санат:1944 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Лениннің 100 жылдығы орденінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері