Адамбаев Мінбар (1920, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында туып – 2001, сонда көз жұмды) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Еңбек жолын ұжымшарда жұмысшы болып бастаған. 1941 – 1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Украина, Беларусь майдандарында болды. Адамбаев өз ғұмырын облыстың аул шаруашылығын өркендетуге арнады. Осы салада жарты ғасырдан астам еңбек етті. 1944 – 1952 жылдары ферма меңгерушісі, ұжымшар басқармасының төрағасы. 1952 – 1956 жылдары Маңғыстау облысы (бұрынғы Гурьев облысы) жылқы тұқымын асылдандыру мекемесінің қызметін атқарды. Бірнеше медальдармен, 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) орденімен марапатталған. Маңғыстау энциклопедиясы, 4том Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:1920 жылы туғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар