Лига ( ) — нота жазуында доға тәрізді сызықшамен ( үсті,  асты) қолданылатын шартты белгі. Лига қамтыған ноталар бір-бірімен байланыстырыла орындалады (легато). Егер Лига бір атаулы ноталарды жалғастыратын болса, онда бұл ноталар жекелей дыбысталмай, олардың дыбыстық ұзақтығы үздіксіз қосылып орындалуы тиіс. Вокальді шығармаларда (ән-хор) Лига қойылған дыбыстар мәтіннің бір буынына келтіріледі.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

Пайдаланған әдебиет

Санат:Музыка