Жапон мушмуласы (Локва) - раушангүлділер тұқымдас ағаштар мен бұталар. Қара теңіздің Грузия жағалауы мен Краснодар өлкесінде, сондай-ақ Әзірбайжан мен Қырымда өседі. Алмұрт бітімдес сарғыш немесе сап-сары жемісінің ішінде оңай алынатын қоңыр түсті, қатты, сопақша дәні болады. Жемісі шырынды, тіл үйіретін қышқылтым, хош иісті келеді. Мушмулада көмір су, белок, 10 мг % С витамині болады. Жас күйінде пайдаланылады әрі компот, шырын, қайнатпа, мармелад, повидло, қақ дайындауға қолданылады.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Раушангүлділер Санат:Жемісті ағаштар