Хроматизм (грек. chromatіsmos — түр, бояу) — музыкада диатоникалық лад баспалдағының жарты тонға өзгеруі. Хроматизм нотаға альтерация белгілері арқылы (диез — ғ; бемоль — b, т.б.) түсіріледі. Хроматикалық жарты тон бір лад баспалдағының екі дыбысшаға бөлінуі арқылы (мысалы, фа-фа-диез), ал диатоникалық жарты тон екі дербес дыбыстардан (мысалы, ре-бемоль-до) пайда болады. Гармонияның аккордтарын түрлендіре, байыта отырып, хроматизм модуляция тәсілдеріне кең мүмкіндік туғызады немесе лад дыбыстарының арасындағы тәуелділік, тартымдылық заңдарын күшейтеді, аккордтардың мелод. байланыстарын үдетеді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Хроматизм · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.