Тоғандықов Жабай (1889, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 10.8.1978, сонда) – әнші, Қазақ КСРінің еңбек сіңірген артисі (1945). Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан. 1903 ж. Арқаның белгілі әншісі Қ.Байжановпен кездесіп, жанында жүріп әншілік өнерге ден қойды. Кейіннен Екібастұзда шахта жұмысында жүргенде 1916 ж. патша жарлығы бойынша әскерге алынып, қара жұмысқа тартылды. 1918 ж. Павлодар қаласына келіп, Ж.Шанин ұйымдастырған көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болды. 1932 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде өмірінің соңына дейін әнші-солист қызметін атқарған. Өз жанынан өлең жазып, ән де шығарды. Тоғандықовтың репертуарында 100-ден астам халық әндері мен халық композиторлары (Біржан, Ақан сері, Жаяу Мұса, Жарылғапберді, т.б.), сондай-ақ кейінгі қазақ композиторларының әндері болды. 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 томҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1889 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан ақындары