Матабеле (матебеле, амандебеле)Большая советская энциклопедия МАТАБЕЛЕ https://bse.slovaronline.com/18838-MATABELE — Оңтүстік-батыс Зимбабвенің жергілікті тұрғындары. Банту тобына жатады. Жалпы саны 1,7 миллион адам. (2010, бағалау), елдегі екінші үлкен халық. Олар сондай-ақ Ботсвананың солтүстік-шығысында тұрады (60 мыңнан астам адам). Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2191772

Тілі Исиндебеле тілінде сөйлейді (Зулу диалектісі).Матабеле http://www.etnosy.ru/taxonomy/term/1329

Діні Жергілікті дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбіреулері христиандар.Большая Советская энциклопедия Матабеле https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/55861-matabele/

Тарихы Ежелгі тарихы жөнінде мәліметтер тым аз. 1830 ж. Матабелелер шона тайпасын бағындырып, солардың мәдениетін қабылдаған. 19 ғасырдың аяғында Англияның отары болды. 1980 жылдан Зимбабве мемлекеті құрамында. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал), тауық өсіру, қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, жержаңғақ, елеусина, тәтті картоп, бау-бақша және бақша дақылдары). Қазіргі кезде сонымен қатар мақта, күріш, темекі егеді. Зауыттарда, шахталарда жалдамалы жұмыс істейді. Дәстүрлі қолөнері - тері өңдеу, қыш күйдіру, ағаш ою.Народы и культуры Матабеле https://travel-journal.ru/ethno/40/1001/

Өмір салты XIX ғасырдың аяғында олар алғашқы қауымдық жүйенің ыдырау сатысында болды, зұлу ұйымына ұқсас әскери ұйым құрылды. Құлдарға, мыңдаған мал табындарына иелік еткен әскери ақсүйектер элитасы ерекшеленді. Жалпы экзогамия сақталады, некені сатып алу жүйесі бар (лобода). Бұрын полигиния кең таралған.

Елді мекендерді (крааль) сақиналы пішінде орналасқан. Тұрғын үйлері аласа, күмбезді, қабырғалары балшықпен сыланған шыбықтардан қаланған, төбесі конус тәрізді шөппен жабылған, едені сазды (саз және сиыр тезегі қоспасымен үнемі жаңартылып отырады).

Дәстүрлі киімдері: әйелдер - алжапқыш, белдемше, жабынды (каросс), аяққа киетін теріден жасалған сандал секілді киімдерімен ерекшеленеді. Бастарына түйеқұс қауырсынынан жасалған бас әшекейлері, темір мен мыстан жасалған моншақтармен, қол, аяқ және мойын сақиналарымен безендірілген. Ерлері кең шалбар, қамзол киеді.

Тағамның негізі - көкөніс дәмдеуіштері қосылған ботқа, олар құмайдан сыра ішеді, сонымен қатар ет және сүт өнімдерін пайдаланады.

Ауыз әдебиеті қиял-ғажайып ертегілер мен аңыздар, батырлар жырына бай.народы мира / Матабеле http://www.etnolog.ru/people.php?id=MATA

Дереккөздер

Санат:Зимбабве халықтары Санат:Ботсвана халықтары