Кетпен — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Кетпен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шонжы ауылынан шығысқа қарай 95 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік бөктеріндегі Үлкен Кетпенсай өзені аңғарында, бұта аралас сұлыбас, қылқан боз, көде, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тау алды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27282689 2564 95,4 1355 1319 97,3 1334 1245 93,3

Тарихы Іргесі 1930 жылы “Красное Знамя” қой өсіретін ұжымшар орт. ретінде қаланды. Оның негізінде Кетпенде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер құрылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері