Шеген Қодаманов ауылы (1997 жылға дейін — Төңкеріс) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Тұран ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен шығысқа қарай 14 км жерде, боз жусан, баялыш, көкпек, т.б. шөптесіндер өскен бозғылт сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2789 адам (1417 ер адам және 1372 әйел адам) болса, 2009 жылы 2742 адамды (1368 ер адам және 1374 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Төңкеріс" деп аталып келді. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін Төңкеріс ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Қодамановта ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері