Қамысты – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы тұзды көл. Теңіз деңгейінен 128,1 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 5,3 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Жайпақ жағалауларында қамыс шоғыры өскен. Көл түбіне тұнба шөккен. Негізінен еріген қар және грунт суларымен толысады. Мал суаруға жарамсыз. Алабы толығымен дерлік жыртылған.

Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері