Қалымқожа – Ақмола облысы Ерейментау ауданының оңтүстік-шығысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 697 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жуық.
Жер бедері Солтүстік пен оңтүстік беткейлері көлбеу, батысы мен шығысы тіктеу келген. Тасты жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батыс беткейінің етегінде көптеген көлдер бар (Шуақбай, Бозайғыр, т.б.).
Геологиялық құрылымы Девон кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын коллювийлі және коллювийлі-делювийлі кесектас аралас қиыршықтасты шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, сұлыбас, қараған, тобылғы өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары