Қалшанкөл – Бөген алабындағы көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Сопақ пішінді көлдің аумағы 2,14 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 0,8 км, жағалау бойының ұзындығы 10,4 км. Бөген өзененің төменгі сағасында жатқандықтан оның суға толысуы өзенге тікелей байланысты. Көл суын Ескі Шелек, Ескі Иқан елді мекендері шаруашылыққа пайдаланады. Қалшанкөлдің оңтүстігінде Шошқакөл батпағы жатыр. Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Сауран ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы