Кеңжыра — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде, Сарқан өзенінің жағалауындағы жусан аралас астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр, қызыл қоңыр топырақты тау алдының құрғақ жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен957661 718 108,6 353 357 101,1 308 361 117,2

Тарихы 1963 – 97 жылдары Ленин атынддағы қызылша өсіретін кеңшардың орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы елді мекендері