Қаршығалар () — сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының бір туысы.
Жер шарында кең тараған. 52 түрі бар. Бұлардың қанаттары қысқа, ұшы екіге айырылған, аяғы мықты, онда ұзын, өткір тырнақтары болады. Есту органдары жақсы дамыған. өясын ағаш басына салады. 2 — 6 біртүсті немесе теңбіл жұмыртқасын ұябасары шайқайды. Балапандарын шәулісі мен ұябасары кезектесіп қоректендіреді. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен, құстармен, кейде қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен және жәндіктермен қоректенеді.
Қазақстанда қаршыға, қырғи, мықи және үлкен мықи түрлері тіршілік етеді.Қазақстан энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сұңқартәрізділер Санат:Құс түрлері Санат:1760 жылы зерттелген жануарлар