Жұмахан Балапанов ауылы (2005 жылға дейін Қызылащы) — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Қызылащы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде, Шыбынды тауының солтүстігінде, Қызылащы өзені бойында.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19581696 1717 101,2 886 889 100,3 810 828 102,2

Тарихы Іргесі 1929 жылы “Қызылащы” ұжымшары ұйымдастырылғанда қаланды. Ауыл 1980-1997 жылдары Киров атындағы қой өсіретін және егіншілікпен айналысатын кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қызылащыда және округке қарасты Қарасу ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл төңірегінде Тамшылы су құламасы бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том.

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері