Василий Георгиевич Клочков (8 наурыз 1911 жыл, Ресей, Саратов облысы, Воскресенское ауданы – 16 қараша 1941 жыл, Мәскеу маңы) – Кеңес Одағының Батыры (21.7.1942Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1.), жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылардың бірі.

Өмірбаяны Жұмысшы жастар мектебін (1929), КСРО Сауда халкоматының Бүкілодақтық сырттан оқу интитутын бітірген.

1929 – 40 жылдары Ресейдің есеп-қисап мекемелерінде қызмет атқарды. 1940 жылы қыркүйекте Алматыға келіп, Қазақстанның Сауда халкоматында қызмет істеді, Алматы асхана-ресторан тресі басқарушысының орынбасары болды.

1941 жылы маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысты. 4-ротаның саяси жетекшісі Клочков бастаған 2-взвод жауынгерлері Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезі жанында болған кескілескен ұрыста өшпес ерлік көрсетті. Батыр өз жауынгерлерімен бірге жау танкілерімен қасық қаны қалғанша шайқасып, қаһармандықпен қаза тапты.

Марапаттары 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Воскресенское ауданында (Саратов облысы) туғандар Санат:Волоколам ауданында қайтыс болғандар Санат:Панфиловшылар Санат:Ұлы Отан соғысы саяси жұмысшылары Санат:Волоколам ауданында жерленгендер Санат:КОКП мүшелері Санат:Мокшан тұлғалары