Қалдар, Қолдар – Қарақұм құмының солтүстігiндегі шоқылы таулар.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай ауылының шығысында 15 км жерде орналасқан. Аягөз өзенiнің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 475 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5-3 км-ге жуық.

Жер бедері Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстікке қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Қалдар тауларының солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерінде Қызылқайнар, Қошқар және өзімен аттас көлдер орналасқан.

Өсімдігі Сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары