thumb|right|200px|Ісіңізге, өміріңізге көңіліңіз толмаса, онда сізді шабыттандыратын мотивация керек болғаны. Мотивация () – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Мотивацияның сыр-сипаты Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.
Платонның адам рухы үш бөліктің бірлігінен құралады деген идеясында осы мотивация ұғымының мағынасы қамтылған. Нәпсі дегеніміз тамақ жеу, көбею ниеті болып, дене қажетін орындауды талап етеді. Нәпсіні адамның ақылы емес, көңілі тізгіндеп ұстауы керек. Дегенмен, ішсем-жесем, денелік қанағаттансам дейтін ішкі талап пен таным-ақыл талабы шығыса бермейді. Ежелгі заман философиясы, әсіресе бақыт туралы ілім бақытқа деген қажеттілік соған талпындыратын мотивацияның негізі деп түсіндіреді. Дегенмен, бақытқа болсын, басқаға болсын адамды шабыттандыратын түрткі күшке XX ғасырдың 30 жылдарына дейін кез келген ғылым саласы арнаулы түрде мән берген жоқ.
Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы Мослоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.
Мотивация түрлері Ішкі және Сыртқы мотивация Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, сурет сызу арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі (Self-determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін қанағаттандырады, сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына айналады. Ендеше ол сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан ләззат алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу керек.
Оң және теріс мотивация Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді. Тұрақты және тұрақсыз мотивация Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.
Жекелік және топтық мотивация Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.
Мотивация ілімдері Қоғамның тез өзгеруіне, ақпарат технологиясының қауырыт дамуына орай түрлі Жігерлендіру идеялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өмірге келді. Олардың арасында Хоторн эффекті, Маслоудың Қажетсіну қабаты ілімі, Дуглас МакГрегордың Х және Y ілімі, Герцбергтің Қос фактор ілімі, МакКлелландтің Табыс қажетсінуі ілімі, Мотивациялық әлеует ілімі, Бихевиоризм, Врумның Үміт ілімі, Адамстың Әділдік ілімі, Аптердің Ауысым ілімі қатарлылар бар.McClelland (1985), Human motivation, Glenview, IL: Scott, Foresman, pp.183
Хоторн эффекті Хоторн Эффекті (Hawthorne Effect) АҚШ-тың Western Electric компаниясы жүргізген мотивациялық зерттеулерден шыққан қорытынды. Оның маңыздылығы өмір тәжірибесінде де, ғылым саласында да айқын байқалады. Хоторн Эффектінің мағынасы бойынша, бақыланушы өзінің бақыланып жатқанын білген кезде әрекет ниетін өзгерте бастайды екен. Яғни, мысалы жұмысшылардың жағдайын (жалақысын, тұрмысын, демалысын) жақсартқан күнде де жаңа жағдай шарты астында жұмысшылар бәрібір бұрынғы секілді жұмыс жасай беретіні байқалған. Ал, егер жағдай қалай болса да мейлі, егер жұмысшыларға белсенді назар аударылып, олардың өзін еркін басқаруына мүмкіндік берілсе, олардың әр қимылы көпшіліктің дүбірлі қолдауы ішінде өткізілсе, онда белсенді топ қалыптасуына ілесіп еңбек өнімділігі де күрт жоғарлайтын көрінеді. Яғни: 1. қызмет жағдайын жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру арасында тіке себеп-салдар байланысы жоқ; 2. еңбек өнімділігін жоғарлатудың ең ұтымды жолы жұмыс жағдайын жақсартумен бірге, бастысы жұмысшылардың көңіл күйін көтеру болмақ; 3. жұмысшының көңіл күйі мен наразылығына мән беру еңбек өнімділігін көтерудің түйіні. Хоторн Эффектінің пайдалы тұстары: 1. жұмысшы мән берген іске мән беруді үйретеді; 2. егер құрылым моделі дұрыс және лайықты болса, бұл эффектті пайдаланып жұмысшыларды көңілдендіру арқылы, топтық бәсекелер, ойындар, арнайы жарыстар арқылы жұмыс өнімділігін ұзақ мерзімге жақсартуға болады; 3. жұмысшылардың еңбек жағдайына жеткілікті бағалау жүргізу басқарушының ұзақ мерзімді жоспар құруына көмектеседі. Хоторн Эффекті назар аудармайтын тұстар: 1. жұмыс ортасының кейбір ішкі жағдайы бәрібір айқындалмайды, мысалы ұйымдастыру ниеті; 2. өндіріс моделінің таңдалуы басқарушының субъектив пікірін негіз етеді; 3. шешушісі, жұмыс ортасы динамикалы болады, модел үздіксіз өңделіп, нақты жағдайға бейімделуі керек; 4. өндіріс моделінің дұрыстығы мен басқарушының шешім ету көрегендігі сабақтасып жатады.
Маслоудың қажеттілік пирамидасы
Өзін әйгілеу қажеті
Құрметтелу қажеті(қоғамның мойындауы)
Әлуеметтік байланыс қажеті(адамдармен қарым-қатынас)
Амандық қажеті
Денелік қажет(физиологиялық талаптар)
Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі (Need-hierarchy theory) – Маслоу пирамидасы деп те аталады. АҚШ-тың еврей нәсілді гуманизм психологі Ибраһим Маслоу ортаға қойған, адамның ниеттену жүйесіне арналған ең кең таралған ілімдердің бірі. Қажеттілік қабаты ілімі адамдық қасиетті түсіндіруге де, адам талпынысының нақты мақсатын айқындауға да керек теория. Онда адам өсуінің ең басты қозғаушысы «ниет» деп түсіндіріледі. Ниет түрлі қабаттағы түрлі ерекшелікке ие қажеттіліктерден құралады. Сол қажеттілік қабаттарының жоғары-төмендік тәртіптік айырмашылығы бар және төмен қажеті қанағаттанғанда жоғары қабаты оянып отырады. Әрбір қабаттың қанағаттану дәрежесі жеке болмысының даму деңгейін белгілейді. Қажеттілік қабаты ілімі бойынша адамда төменнен жоғарыға дейін 5 негізгі қажет бар, олардың әрқайсысының шабыттану мүмкіндігі ұқсамайды.
Физиологиялық қажет (physiological needs), маңыздылары тамақ, су, ауа, жыныстық құштарлық, денсаулық, т.б.
Амандық қажет (Safety needs), негізгілері денелік амандық, тұрмыстың жайлылығы мен тұрақтылығы, қайғыдан, мәжбүрлеуден, ауырудан аулақ болу, ақша-байлық қажеті, т.б.
Адамдармен байланыс қажеті (Love needs), достық, махаббат, туыстық байланыс, т.б. қажеттерінен туған ниеттенулер;
Құрметтелу қажеті (Esteem needs) табысқа жету, атақ, орын мен мәртебе, мансап, т.б. Құрметтелу қажеті себепті, өзінің құнына деген жекелік түйсігін қанағаттандыруға, басқалардың өзін мойындауы мен құрметтеуіне қол жеткізуге тырысады.
Өзін іске асыру қажеті (Self-actualization) ниеттенудің ең жоғары түрі, ол ақиқат, ізгілік, сұлулыққа талпынатын, адам өмірінің биік мұратына қол созатын жоғары деңгейдегі талап деуге болады.
Алдыңғы төрт қажет қанағаттанғанда барып ең жоғарғы осы қажет оянады және ол өзін іске асыруға, жасырын әлеуетін толық алып шығуға белсенеді.
Х ілімі және Y ілімі Х және Y ілімі адами байлықты басқару ілімі, ұйымдастыру биховиоризмі, сондай-ақ әлеумет психологиясы салаларындағы жігерлендіру ілімі ретінде 1960 жылдары Дуглас МакГрегор жағынан ортаға қойылды. Y ілімін кейде "адам табиғаты ізгілік" деген мағынада да қолданады.
Жалпы айтқанда, Х ілімі жұмыста «жағымсыз салғырттықты» қозғаушы күш етуді, Y ілімі жұмыста «жағымды белсенділікті» қозғаушы күш етуді көрсетеді.