Жезқазған — Ұлытау облысы Сәтбаев қаласына қарасты кент, 2024 жылы таратылған.Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кентін тарату туралы Елді мекен астында мыс өндіруге байланысты тұрғындары Сәтбаев қаласына көшірілген.В области Улытау закроют населенный пункт, а людей переселят в Сатпаев для социально-экономического развития
Географиялық орны Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км, Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 627 адамды (365 ер адам және 262 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған. 1937 жылдан кент.
Өндіріс орындары Жезқазғанда жоғары дәрежеде механикаландырылған 10 шахта, 2 ашық карьер жұмыс істейді. Кентте сыра зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар бар.
Инфрақұрылымы Орта және орталау мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, аурухана, емхана, тубдиспансер, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар бар. Өндірісті және тұрғындарды сумен жабдықтау үшін Кеңгір бөгені және жер асты суы пайдаланылады. Жезқазған арқылы Жезді - Жезқазған темір жол тармағы және Жезқазған - Арқалық автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Сәтбаев Санат:Сәтбаев қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері