Юн Руслан Борисович (3.6.1953 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – техника ғылымының докторы (1992). Қарағанды политехникалық институтын (1975, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде тау-кен жұмысшысы, тау-кен шебері, телім бастығы (1975–80), бас инженер (1980), шахта бастығы, директор (1983–93), «Жезқазғантүстіметаллургия» кәсіпорнының директоры, вице-президенті (1993 жылдан), директорлар кеңесінің вице-төрағасы (2000 жылдан), басқарма төрағасы (2001) болды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 2003 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарады. «Обоснование методов управления горным давлением при повторной разработке пологозалегающих рудных залежей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Сілтемелер Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Тарих