Жамал Бозова (5.11.1970 жылы туған, Қызылорда қаласы) – палуан. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері – Ишанбек Жұмабаев. Азия чемпионы (1992, Владивосток), әлем кубогының қола (1992) және әлем чемпионатының күміс (1993) жүлдегері. 1989 жылдан Қазақстан құрама командасында.
Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1992). 1987 – 88 жылы Қызылорда облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс істеді. 1992 – 98 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Дене тәрбиесі» кафедрасында оқытушы болды. 1998 жылдан Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резервінің арнайы мектебінде дзюдодан жаттықтырушы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:5 қарашада туғандар Санат:1970 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:Дзюдодан Азия чемпиондары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан дзюдо жаттықтырушылары