Қысқаша мәлімет ЖЫЛУ АҒЫНЫ – уақыт бірлігі ішінде изотермалық бет арқылы берілетін жылу мөлшері. Ж. а-ның өлшемділігі қуаттың өлшемділігімен бірдей және ол ваттпен немесе ккал/сағ-пен өлшенеді (1 ккал/сағ=1,163 Вт). Бірлік ретінде алынған изотермалық бетке келетін Ж. а. жылу ағынының тығыздығы (q) деп аталады және ол Вт/м2-пен немесе ккал/(м2сағ)-пен өлшенеді. Ж. а-ның тығыздығы – векторлық шама. Қазақ энциклопедиясы Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиет
Санат:Физика