Малдыкөл — Қорғалжын алабындағы көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде, Соналы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Жалтыркөл көлінің оңтүстігінде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 12,9 км², теңіз деңгейінен 342 м биіктікте. Ұзындығы 8 км, енді жері 6 км. Су жиналатын алабы 956 км². Жағалауы түйетайлы, сортаңды, батпақты. Жауын-шашын суымен толығады. Суы мол жылдары Жалтыркөл көлімен жалғасып жатады. Суы тұзды. Алабы жайылымға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері