РезольвентаҚазақша энциклопедия 7 том. (лат. resolvens, resolventіs — шешетін, шешуші) — шешуші теңдеу, шешуші функция (ядро), шешуші операторлар — көп мағыналы термин. n-дәрежелі алгебр. f(x)=0 теңдеуін шешу үшін f(x) коэффициенттерінен рационал тәуелді болатын, дәрежесі n-нен төмен және түбірлері осы теңдеумен бірдей g(x)=0 теңдеуін Резольвента деп атайды. Интегралдық теңдеулер теориясында теңдеуінің Резольвентасы деп арнайы анықталған s, t айнымалылары мен ʎ параметрінің Г (s, t, ʎ) функциясын айтады және оның шешімін түрінде жазады, мұндағы ʎ — теңдеудің меншікті мәні емес. Сызықтық операторлар теориясында А операторының Резольвентасы деп Ζ комплекс параметрі А операторының спектріне тиісті болмағанда RΖ=(A-ΖE)−1 операторларының үйірін айтады. Дереккөздер

Толықтыру

Санат:Математика