Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев (26.5.1940, Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті) – экономика ғылымының докторы.

Байұлы тайпасының Таз руынан шыққан.

Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын (1961), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Атырау, Жаңаөзен қалалықлық партия комитеттерінің 1-хатшысы, Махамбет аудандық партия комитетінің 1-хатшысы (1975–1993), «Теңізшевройл» қазақ-американ біріккен кәсіпорнының директоры, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібі министрі (1993–1994), Атырау облысының әкімі (1994–1998) болды. 1999 жылдан дипломатиялық жұмыстар атқарады. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Санат:Қазақстанның Украинадағы елшілері Санат:Қазақстан мұнай және газ министрлері Санат:Атырау облысының әкімдері Санат:Қазақстанның Молдовадағы елшілері Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары