Қызбелтау, Қызылбелтау — Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес таулар тізбегі.
Географиялық орны, жер бедері Қостанай облысы Науырзым және Жангелді аудандары жерінде, бойлық бағытта 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 232 м, салыстырмалы биіктігі 60-80 м. Беткейлері жыра-сайлармен қатты тілімделген. Онда бұлақтар, қайнар көздер көптеп кездеседі. Шығыс және оңтүстік етектері құлама жарқабақтанып, Торғай қақпасына тіреледі. Солтүстігінде жазық келген Қарт қонысы, оңтүстігінде Сарықопа көлдері жатыр.
Геологиялық құрылымы Қызбелтау жоғары олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды, қарбонатты жыныстарынан түзілген; дөң бетін палеогеннің теңіздік шөгінділері жапқан.
Өсімдігі Тау беткейлерінде бетеге, жусан, селеу өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы таулары Санат:Науырзым ауданы таулары