Сақар — калий карбонаты, поташ. Химиялық формуласы: K2CO3. Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат. Ауада ылғал тартып үгіледі. Суда жақсы ериді. Сақарды KOH ерітіндісіне CO2-мен әсер ету арқылы және глинозем өндірісінде қосымша өнім ретінде алады. Сұйық сабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде, фотографияда, т.б. қолданылады. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:
Санат:Калий қосылыстары Санат:Карбонаттар Санат:Тағам қоспалары