Мақтаның күйе көбелегі (Pectіnophora gossypіella) — мақта дақылының қауіпті зиянкесі.
Негізінен, мақта егетін Азия елдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 12 — 16 мм, оның алдыңғы жағы қоңыр, ал артқы бөлігі сұр түсті, жалпақ шашақ түктері болады. Бір жылда 2 — 6 ұрпақ береді. Қуыршақтары тығыз өрмек пілләларының ішінде қыстап шығады. Көбелектер жұмыртқаларын (500-ге жуық) мақтаның сабағына, жапырағына, гүліне салады. Жұлдызқұрттары өсімдіктің генеративті (көбею) органдарын зақымдайды, соның салдарынан мақтаның гүл шанағы, гүлі түсіп, әлі пісіп жетілмеген қауашағы солып қалады.
Күресу шаралары карантин қою шараларын жасау, жұлдызқұрттарды инсектицидтермен жою.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар Санат:Мақта зиянкестері