Ысмайылов Нүсіп Наутайұлы (24.8.1941 ж.т., Алматы облысы Ақкөл ауданы Өрнек а.) – медицина ғылымының докторы (1994). Семей мемлекеттік медицина институтын (1968, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы ) және аспирантурасын (1972) бітірген. Осы институтта ассистент (1968–78), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау миністрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1978–88), Талдықорған мемлекеттік университетінде (1988, қазіргі Жетісу мемлекеттік университеті ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Сілтемелер Семей мемлекеттік медицина академиясы Жетісу мемлекеттік университеті Дереккөздер

Санат:Тұлғалар