Шадырадыр – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының оңтүстігіндегі тау. Ең биік жері 699 м. Ұзындығы мен ені 2-3 км.

Жер бедері Беткейлері тілімделген, солтүстік бөлігі құламалы, кей жерлерде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатады. Тау етегінде қайнар бұлақтар бар.

Геологиялық құрылымы Девон және карбон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында боз, бетеге, жусан өседі.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары