Болат Олжабайұлы Алтынбаев (1969 жыл, Жалағаш ауданы Қаракеткен а. – 3.7.1998 жыл) – әскери қайраткер.
Алматы қаласындағы арнайы әскери мектепте оқып Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Нахимов атында жоғары әскери-теңіз училищесін (1991) АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің академиясын (1986) Ленин комсомолы атында жоғары әскери теңіз училищесін (1998) бітірген. 1991 – 94 ж. Ресейдің Камчаткадағы Петропавловск қаласында электронавигация топ командирі 1994 – 95 ж. ҚР Қорғаныс мин-де әскери-теңіз күштері бөлімінің аға офицері 1995 – 97 ж. ҚР-ның тұңғыш «ПК-16-Сұңқар» әскери-теңіз катерінің алғашқы командирі болды. Тәуелсіз ҚР-ның әскери-теңіз флотының құрылуына өзіндік үлес қосты. Жалағаш кентіндегі бір көшеге есімі берілген."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1969 жылы туғандар Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:3 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әскерилері