Ертұғыр Есентайұлы (19.8.1932, Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы – 5.2.2002, Алматы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1966), доцент (1970). Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1989).

Өмірбаяны Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) институтын бітірген (1955). 1955 – 58 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданы “Үлгілі малшы” кеңшарында бас зоотехник 1958 – 61 жылдары КазНИИЖ-дің аспиранты 1962 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Еңбектері Сарыарқа құйрықты ірі жүнді қойы тұқымы авторларының бірі. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 4 монография, авторлық куәлік пен патенттер бар.

Марапаттары Көптеген медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:19 тамызда туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:5 ақпанда қайтыс болғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ КСР-інің халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкерлері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары