Келтесор – Тобыл алабындағы ағынсыз тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Екатериновка ауылының шығысында 10 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 12,2 км2, ұзындығы 10,5 км, енді жері 2 км шамасында. Жағалау бойының ұзындығы 19,2 км. Жағалауы жайпақ. Қар суымен толысып, көктемде ғана деңгейі көтеріледі. Суы кермек татиды, шаруашылыққа пайдаланбайды. Көл түбі лайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тобыл су алабы көлдері Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері