thumb|right Түйешырмауықтар тұқымдасы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том () – кендірлер тұқымдасына жататын кіші тұқымдас. Екі жарты шардың қоңыржай климатты белдеулерінде таралған 280 туысы, 2000-дай түрі бар. Қазақстанда 2 (кейбір деректерде 3) туысы белгілі. Түйешырмауықтар тұқымдасы шырмалып өсетін шырмауық тәрізді не бұта, шала бұта, сирек ағаш болады. Ұзынша жапырақтары қарама-қарсы не кезектесе орналасады. Гүлдері дұрыс, қосжынысты, шатыр гүлшоғырына топталған; тостағанша, күлте жапырақтары 5 бөлікті. Аталығының саны – 5, қысқа да жуан жіпшелері бірігіп түтікшеге айналған. Аналығы біреу, тозаңқаптары 2 – 4 ұяшықты. Жемісі – көп тұқымды қақырап ашылатын таптама. Тұқымы – екі бүйірінен қысыңқы, бір жақ ұшында желайдары болады. Түйешырмауықтар тұқымдасының көпшілігінің пішіні кактус тәрізді, суккулентті өсімдіктер (мысалы, Echіdnopsіs, Stapelіa, т.б.), кейбіреулері куб тәрізді жапырақтары бар эпифитті (мысалы, Dіschіdіa) болады, онда өсімдікке қажетті су мен гумус жиналады. Түйешырмауықтар тұқымдасының кейбір түрлерінен талшық алынады, әсемдік үшін өсіріледі.
Дереккөздер Байтенов М.С., Флора Казахстана “Родовой комплекс флоры”, т. 2, А., 2001
Санат:Түйешырмауықтар