Теңіз ауылдық округі (2007 жылға дейін Приморье ауылдық округі)Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Теңіз, Құмарғали, Дәулет, Шайхы ауылдары кіреді. Орталығы – Теңіз ауылы."Қазақ энциклопедиясы", X том

Географиясы Теңіз ауылдық округі Құрманғазы ауданының оңтүстігінде Каспий теңізімен шектесіп жатыр. Сондықтан Приморье аталып кеткен. Округтің жер көлемі 3203 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық алқабы - 472 га, егістік - 14 га, шабындық - 33 га, жайылым - 423 га.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1836 адамды (915 ер адам және 921 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Теңіз ауылдық округі бойынша 1692 адам, 353 отбасында 314 үйде тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді топқа жататындары, яғни еңбек ету жасындағылар 955. Осы еңбекке жарамды 955 адамның 880-і аудан, село көлеміндегі әртүрлі заңды тұлғалар мен шаруашылық субьектілерінде және бюджеттік мекемелерде тұрақты жұмыс жасайды. Өз шаруасымен айналысатын адамдар саны 196, студенттер саны - 97, жұмыссыз адамдар саны - 24 адамды құрайды.

Тарихы Теңіз ауылдық округінің тарихы 19-ғасырдан басталады. Орыс көпестерінің өзен сағасына келіп балық шаруашылығымен айналысуына байланысты отырықшы елді мекен пайда болған. Аудандағы алғашқы 4 мектептің бірі осы Телячье селосында 1887 жылы ашылған. Телячьеден 3 км жерде, оңтүстікке қарай атақты Гордеев батағасы орналасқан еді. Ол басқа батағаға қарағанда анағұрлым үлкен еді. Ол батағаның айналасында 30–40 үй болған. Телячье, Ковалев және Гордеев ауылдарын нанмен қамтамасыз ететін наубайхана, үлкен дүкен, монша, батағаның көптеген адам жұмыс жасайтын кеңсесі, өртсөндіру мекемесі болған. 1930 жылы жергілікті кеңес құрылды. Кейіннен колхоздар біріккенде Еңбекші, Калинин селолық кеңестерінің құрамына енген. 1965 жылы мал бордақылау совхозы құрылғаннан кейін селолық Кеңес қайта ұйымдастырылған.Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Инфрақұрылымы Ю.А.Гагарин орта мектебі, «Айсамал» балабақшасы, ауылдық емхана, ауылдық клуб, кітапхана, пошта және байланыс бөлімшелері, 17-шаруа қожалығы, 17-жеке касіпкер, 9-сауда саттық дүкені, 1-мейрамхана, 1-стационарлық жанар-жағар май құю бекеті тұрғындарға қызмет етіп келеді.

Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрған үйлеріне орнатылған мемориалдық тақталар Азамат соғыстарының боздақтарына қойылған обелискіҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері