Күріш () – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік.

Таралуы Дүние жүзінде күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.

Тарихы Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар.

Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі.

Бұл деректер Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе Күріш (satіva) – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі.

Ботаникалық сипаттамасы 170px|left Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар.

Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.

Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Түркістан облысында өсірілетін күріштің биологиялық сипаттамасы Түркістан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе күріш () егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды.

Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.

Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғары жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.

Күріш сорттары Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар.

Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты – Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 – 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты – Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады. "Қазақ энциклопедиясы"

Қоректенуі және тынайтқыштар Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады.

Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді. Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.

Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент — азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады. 200px|thumb|АҚШ ұзындәнді күріші Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді

Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. Калий. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады.

Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кг/га минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кг/га және кеш пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кг/га минералды тыңайтқыштарды себеді. Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.

Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді. Осы пікірге В.П.Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін – 60-90 кг/га ұсынады. 200px|right|thumb|Мадагаскардағы күріш алқабы Парожняя З.Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді. Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.

Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қажет.

Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек.

Сонымен топырақтың құрамында 30 мг/ кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кг/га болуы керек.

Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады.

Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек. Өсімдіктің фосфоржы сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды. Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың жылдық нормасына қарай себіледі. Тұздалған топырақтарда (Шардара және Шәуілдір т.б. облыстарда) күрішке себілетін фосфорлы тыңайтқыштардың жылдық нормасы жалпы қабылданған нормамен салыстырғанда 2-2,6 есе көбейту керек. Осы кезде суперфосфоат тұздарының зиянды әсерін толығымен бейтараптайды. Су алған кезде фосфор өсімдіктің бойына кәдімгі сурауға қарағанда жақсы сіңеді. А.С.Турдың пікірінше (1981) натрий хлориді натрий сульфатына қарағанда мақтаға зиянырақ. Ол өсімдіктің құрамындағы күкіртті азайтып фосфор мен жалпы азоттың мөлшерін жоғарлатады. Аталған тұздардың жоғарғы концентрациясында өсімдіктің бойындағы К, Са, Mg-дің құрамы азаяды. Шетелдік оқымыстылардың айтуынша араластырып тұздаған кезде тұздардың улылығы айтарлықтай төмендеген. Мысалы, NaCl мен Na2CO3 зиянды әсерлерін CaSO4 ерітіндісін қосу арқылы әлсіретуге болады. Калий күріштің өсіп дамуына жақсы әсер етеді. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі баяулайды, егін әртүрлі ауруларға шалдыққыш болады.

Күріш егілетін далалардың топырақтарының құрамында калий жеткілікті мөлшерде. Бірақ, күріш осы элементтің жеңіл формаларын бойына жақсы сіңіреді. Күріштің вегетативті салмағы қалыптасу кезінде калийдің көп мөлшерімен қоректенеді. Сондықтан топырақтың құрамында оның жеңіл сіңірілетін формалары жеткілікті болу керек.

Күрішке калийлік тыңайтқыштардың ішінде құрамында 30-40% К2О немесе калий хлориді бар калий тұзын себеді. Тұзды топырақтарға калий хлоридін қолданған жөн. Үндістандық оқымыстылардың айтуынша тұзды топырақта Р және К төмендеп, дән мен сабанның құрамындағы ақуыз көбейеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, күріштің улы NaCl тұзына реакциясын, оның азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілігін зерттеудің практикалық және ғылыми мәні зор екендігін айтуға болады.

Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері